Ресми

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тәсілдері

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мынадай тәсілдердің бірімен ұйымдастырылады:

1) кепілдік беру қорының кепілдігін алу;

2) екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы;

3) тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тартуға құқығы бар.

Ескертпе:

– Өзге тәсілдермен тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) салу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тартуға тыйым салынады.

 

ШАРТ ЖАСАСУ ЖӨНІНДЕГІ ТАЛАПТАР

 

(ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҮЛЕСТІК ҚАТЫСУ ТУРАЛЫ)

  1. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу шарты жазбаша нысанда жасалады және ол жергілікті атқарушы органда есепке қойылған кезден бастап жасалған болып есептеледі.
  2. Уәкілетті компания үлескерлердің ақшасын тартуды жергілікті атқарушы органның рұқсаты негізінде жүзеге асырады.
  3. Уәкілетті компания тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жасасу мақсатында жүгінген жеке және заңды тұлғаларға танысу үшін құрылыс объектісі туралы толық ақпарат береді.
  4. Уәкілетті компания толық емес және дәйексіз ақпаратты ұсынған жағдайда үлескер тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты жарамсыз деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.

Ескертпе:

– шарттар жасасудың және үлескерлердің ақшасын тартудың өзге де тәсілдеріне тыйым салынады;

– құрылыс салушы және (немесе) уәкілетті компания тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар кепілдік беру қорымен кепілдік беру туралы шарт жасасқаннан немесе жергілікті атқарушы орган үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат бергеннен кейін ғана жасалатынын көрсете отырып, тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысы жобасын жарнамалауды жүзеге асыруға құқылы. Жарнамада құрылыс салушы және уәкілетті компания туралы ақпарат болуға тиіс.

Құқықтары мен міндеттері

  1. Үлескер құқылы:

1) Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы Заңның 22-бабында айқындалған ақпаратты алуға құқылы;

2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында айқындалған тәртіппен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша талап ету құқығын басқаға беруге құқылы;

3) Уәкілетті компанияның тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың талаптарын тиісінше орындауын талап етуге құқығы бар.

1.2. Үлескер міндетті:

1) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа сәйкес уәкілетті компанияның банктік шотына қолма-қол ақшасыз тәртіппен ақша енгізуге құқылы;

2) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың талаптарын уақтылы орындауға міндетті;

3) үлескер уәкілетті компаниядан үлесті беру туралы шартқа қол қоя отырып, хабарлама алған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) пайдалануға қабылдаудың тіркелген актісі болған кезде тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) үлесті қабылдауға міндетті;

4) Нақты мекенжайы және (немесе) басқа да дербес деректері өзгерген жағдайда бұл туралы уәкілетті компанияны күнтізбелік отыз күн ішінде жазбаша хабардар етуге міндетті.

  1. Уәкілетті компания құрылыстың барысы мен сапасын бақылауды қамтамасыз ету бойынша жауапты болады.

2.1. Уәкілетті компания тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта айқындалған талаптарда тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысы үшін енгізілген ақшаға билік етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта көзделген жауаптылықта болады:

1) үлескерлердің ақшасын нысаналы және уақтылы пайдалану;

2) объектіні салу кезінде нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарын сақтау;

3) пайдаланылатын құрылыс материалдарының, конструкциялардың, жабдықтардың сапасы және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу болып табылады;

4) объектіні пайдалануға беру мерзімдері;

5) үлескерге оның үлесін беруге құқығы бар.

2.2. Уәкілетті компания қойылған біліктілік талаптары арқылы мердігерді (бас мердігерді) таңдауға жауапты болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button