Спорт

Аргентина мен Голландия оза шапты

Футбол

Түн ұйқыдан қағылып, теледидар торына телміріп отырған жанкүйер қауымы екі ойыннан кейін 6 ұпайдан жинап, жеке-дара көш бастаған «В» тобындағы Аргентина мен «Е» тобындағы Голландияға ризашылықпен қол соғуда. Ал «А » тобындағы Уругвай мен Мексиканың екі ойыннан соң төрт-төрттен ұпайы бар. Осы екі команда арасында бүгін өтетін кездесудің біраз мәселенің басын ашып тастайтыны анық. Сондай-ақ «С» тобында екі ойыннан 4 ұпай жинап, басқалардан екі ұпайы артық болса да Словения үшін ағылшындармен өтетін ертеңгі матч өте маңызды болмақ. «Д» тобында алғашқы ойынды ірі жеңіспен бастаған немістер сербтерден 0:1 есебімен ұтылып қалды. Ал Гана Австралиямен тең ойнады. Енді ганалықтарда — 4, Германия мен Сербияда 3 ұпайдан бар. Бұл топтағы үздіктер ертең Германия мен Гана арасындағы кездесуде анықталып қалатын болар.

Сонымен соңғы турлар былай аяқталды:

«А» тобы

ОАР-Уругвай-0:3, Франция-Мексика-0:2.

«В» тобы

Грекия-Нигерия-2:1, Аргентина-Оңтүстік Корея-4:1.

«С» тобы

Англия-Алжир-0:0, Словения-АҚШ-2:2.

«Д» тобы

Германия-Сербия-0:1, Гана-Австралия-1:1.

«Е» тобы

Камерун-Дания-1:2, Голландия-Жапония-1:0.

«G» тобы

Бразилия-Кот-д-Ивуар-3:1.

«F» тобы

Италия-Жаңа Зеландия-1:1, Словакия-Парагвай-0.2.

Бердібай КЕМАЛ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button