Денсаулық

Аурудың бірі өсіп, бірі кеміді

Өткен жылы облыстың денсаулық сақтау саласында ерекше оқиғалар болған жоқ. Әсіресе, жаппай таралатын инфекциялық, оқшаулау, ерекше қауіпті және паразитарлық аурулар түрі бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты қалыпты сақтады.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бастығы Құралай Әлжанованың айтуынша, елді мекендерде, еңбек ұжымдарында, медициналық ұйымдарда адамдардың инфекциялық аурулармен және тамақтан уланудан жаппай ауыруы кездеспеген. Оба, тырысқақ, сібір жарасы, қызамық, туляремия, сүзек секілді аса қауіпті нозоология ауруларының 22 түрі бойынша ешқандай ауру тіркелген жоқ. Дүние жүзі шулап жатқан доңыз тұмауының да белгісі кездеспеді.

Сондай-ақ сальмоноллез, бактериялық дизентерия, туберкулез, вирусты «А» және «В» гепатиттері және басқа инфекциялық аурудың 14 түрі бойынша аурулар саны азайған. Туберкулез 25,6, қышыма 48,9 пайызға азайған.

Алайда нозоологияның 8 түрі бойынша ауру көбейген. Оның ішінде бруцеллездың 9, құтырудың 1 жағдайы тіркеліп, ротавирусты энтерит 18,8, өткір респираторлы вирустық инфекция 3,6 пайызға өскен.

Бердібай КЕМАЛ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button