Денсаулық

Ең тиімді жол — екпе алу

Брифинг

Облыста тұмауға қарсы — 169 294адам, қызылшаға қарсы 49 095 адам екпе алған.

Бұл туралы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев айтып берді.

—Бүгінге дейін облыста қызылша ауруына күдікті 10493 жағдай тіркелді, оның ішінде зертханалық әдіспен расталғаны — 4885. Тіркелген науқастардың 81,3 пайызы — қызылшаға қарсы екпе алмағандар.Өңірде жүргізілген қосымша жаппай иммундау шаралары аясында49095 адам қызылшаға қарсы екпе алды. Ал тұмауға келсек, 2023-2024 жылдардың эпидемиялық маусымында жіті респираторлық вирустық инфекциямен ауырған 223 242 адам тіркелді. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны — 136 290. Ауырғандардың 2934-і мектеп оқушысы болса, 1073-і — жүкті әйелдер, — дейді М.Сербаев.

Оның айтуынша, биыл тұмауға қарсы облыс халқының 18,2 пайызы екпе салдырған.

Ал облыс бойынша балалар инфекционисі Жанар Омарованың айтуынша, жұқпалы аурулардың алдын алудағы ең тиімді жол — екпе алу.

— Қазір облыста қызылшамен ауырып жатқандардың көбі — екпе алмаған балалар. Сондықтан біздің ата-аналарға берер кеңесіміз — уақытты созып жүре бермей, балаларыңызға екпе салдырыңыздар, — деді ол.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button