Білім

Шолпанның көмегі

Жаңа оқу жылы қарсаңында мектепке көмек қолын созып отырған мейірімді жан туралы айтқым келеді.

Ол — №32 мектеп-гимназияның 7 «а» сынып оқушысы Іңкәр Зекеннің ата-анасы,  жанашыр жан Шолпан Жалынова. «Мектепке жол» акциясы аясында екі жыл қатарынан сынып бөлмесін жөндеуге атсалысып жүр.

Биыл бір кабинетті мектеп жиһаздарымен жабдықтады. 30 оқушыға 15 парта, 30 орындық, шкафтар әкеліп беріп, демеушілік етті.

Қасиетті Рамазан айында оқушыларға және мектепке жасаған көмегі үшін қамқор анаға ризашылығымызды білдіріп, отбасына амандық тілейміз.

Қырмызы ШҰҚАЕВА,

№32 мектеп-гимназиясы 7 «а» сыныбының жетекшісі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button