Денсаулық

Екі жыл ішінде 29 емдеу мекемесі салынады

Бұл туралы Ақтөбе қаласының Мәдениет үйінде облыс тұрғындарымен өткен кездесуінде Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.

Мемлекет басшысының Жарлығымен берілген тапсырма мен жұмыс жоспары бойынша елге келген Ажар Ғиният сөзінің басынөзінің осы өңірдегі бірегей медициналық университеттің түлегі екендігін айтудан бастады. Одан әрі Денсаулық сақтау министрлігінің өңірілермен бірігіп жүргізіп жатқан жұмысы және   Мемлекет басшысының денсаулық сақтау саласының алдына қойған міндеттерінің орындалу барысы туралы баяндады.

— Ауылдық денсаулық сақтау саласына жеке тоқталайын. Қазіргі уақытта 5397 емдеу мекемесі ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсетеді. Оның 326-сы —  Ақтөбе облысында. Еліміз бойынша аталған ұйымдардың ғимараттарының жартысынан астамы тозған, осы өңірдегі емдеу мекемелеріғимараттарының  31 пайызы ескірген.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Денсаулық сақтау министрлігі «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық жобасын әзірледі.

Өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, 655 медициналық-санитарлық алғашқы көмек объектісінсалу бойынша дайындық жұмысы басталды. Ал Ақтөбе облысында ауылдарда 29 медициналық-санитарлық алғашқы көмек объектісін салу жоспарланған. Оның 5-еуі — дәрігерлік амбулаторлық, 6-уы — фельдшерлік амбулаторлық пункт, 18-і — медициналық пункт.Сондай-ақ пилоттық жобаның шеңберінде республика бойынша 32 көпбейінді аудандық орталық аурухана, оның ішінде Ақтөбе облысында 3 жаңа аурухананы ашу жоспарланып отыр. Жаңа нысандарМұғалжар, Шалқар, Хромтау аудандарының ауданаралық ауруханалары болады. Көпбейінді аудандық орталық ауруханаларды заманауи медициналық жабдықтармен жабдықтау мен күрделі жөндеу жүргізу көзделген.

Пилоттық жобаның мақсаты—  қалалық және ауылдық денсаулық сақтаудың арасындағы сәйкессіздікті барынша азайту, — деді Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният. Сондай-ақ ол биылғы он айдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысында 16,8 мыңнанастам нәресте дүниеге келгенін, ана өлімінің 2 жағдайы тіркелгенін айтты.

Ел Президентінің тапсырмасы бойынша өткен жылдан бастап «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасы іске қосылғаны белгілі. Ажар Ғинияттың айтуынша, 2026 жылға дейін экстракорпоралды ұрықтандыруға жыл сайын 7000 квота бөлу көзделіп отыр. Осы бағдарламаның шеңберінде Ақтөбе облысында былтыр 324 әйел экстракорпоралды ұрықтандыруға жолдама алып, 129 әйел жүкті болып, қазіргі таңда 108 отбасы сәби сүю бақытына ие болды.Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрі біздің өңірде 4 мыңнан астам дәрігер барын, әлі де 130 штаттың бос тұрғанын жеткізді. Кездесу модераторы болып отырған облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова өз кезегінде облыстық әкімдіктен маман даярлауға жыл сайын 100 грант бөлінетінін, оның 20-сы дәрігер мамандығына берілетінін айтты.

Кездесу соңында залда отырған тұрғындар министрге сұрақтарын қойды. Бір топ ата-ана Даун синдромы бар балалардың мәселелерін көтерсе, тағы бірі вакцина қауіпсіздігіне қатысты сұрақтарын қойды. Кейбіреулері осы сәтті пайдаланып, баласын, ата-аналарын емдеген ақ халатты абзал жандарға алғыстарын жеткізді.

Ақтөбедегі облыстық перинаталды орталықта балалар күні қарсаңында Қасым, Жомарт, Кемел есімді үш нәрестені өмірге әкелген Ақтөбе қаласының тұрғыны Қарлығаш Жармағанбетова «Аңсаған сәби» бағдарламасының игілігін көргенін, өзі секілді аналарға басқа қалаларға жүгірмей, білікті мамандар жұмыс істейтін облыстық экстракорпоралды ұрықтандыру орталығының қызметіне жүгінуге кеңес берді.

 Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button