Жаңалықтар

МӘМС: кәсіпкерлер назарына!

МӘМС жүйесінде шағын және орта бизнес жұмысшыларының деректерін «Saqtandyry» ақпараттық жүйесіне енгізу мерзімі 2021 жылдың 1 қазанына дейін ұзартылды.

Шағын және орта бизнес субъектілерінің жұмысшыларының деректері «Saqtandyry» ақпараттық жүйесіне енгізілмесе, онда жұмысшылар әлеуметтік міндетті медициналық сақтандыру қорына қарыздар болып, МӘМС арқылы медициналық көмек алу мүмкіндігінен айырылады.

ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес жеке тәжірибемен айналысатындар және шағын немесе орта кәсіпкерліктердің жалдамалы жұмысшылары жарна төлеуден 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін босатылған еді.

Бүгінгі күні «Saqtandyry» ақпараттық жүйесінде шағын және орта бизнес жұмысшыларының сақтандыру мәртебесін жаңарту көлемі 78,9%-ды қамтыды. Жұмысшыларының тізімі жаңартылмаған шағын және орта бизнес ұйымдарының саны — 79 721 (21,1%).

Кәсіпкерлер  қол астында еңбек етіп жүрген азаматтардың қамын ойлап, қажетті ақпаратты уақытында тапсыруы керек. Ал жалдамалы жұмысшылар, азаматтардың жеңілдікке ие санатына жататындар жұмыс берушіден өзін базаға енгізген-енгізбегенін сұрауы тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, микро, шағын және орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс берушілері және жеке тәжірибемен айналысатын тұлғалар жарна төлеуден босатылатын жұмысшыларының тізімін ай сайын жаңартып отыруы тиіс.

Ақпаратты жаңарту үшін қордың «Saqtandyry» ақпараттық жүйесі — msb.fms.kz сайтына жұмысшылардың жеке сәйкестендіру нөмірін енгізу қажет.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button