Жаңалықтар

Батыр қызға арналды

Ш.Берсиев атындағы Ойыл аудандық өнер және өлке тарихы музейі   аты аңызға айналған Сапура Мәтенқызына арналған  «Ерлігі ел аузында аңыз боп қалған – Сапура Мәтенқызы» атты тарихи-танымдық  шара өткізді.

Шарада көрме ұйымдастырылып, музей директоры Балқия Рысбаева XVIII ғасырдың 70-жылдарында Елек, Қобда, Ойыл, Қиыл бойларында «Көктемір туралы аңыз» тарағанын, сол кездегі ел қорғаған батыр әйелдердің бірі Сапура Мәтенқызына байланысты тарихи деректерді айтып берді.

Сапура Мәтенқызының тарихи тұлға екенін бүгінгі ұрпаққа танытуда, оның атындағы қордың  жетекшілері мен мүшелері үлкен бастамалар жасауда. Ғылыми бағыттағы ізденістер мен зерттеулер, экспедициялар ұйымдастырылып, конференциялар өткізілді. Қобда ауданының бір көшесіне есімі берілді.

Дулат ИСАБАЕВ,

музейдің ғылыми қызметкері.

Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button