Жаңалықтар

Ойыл ауданы тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шараларды күшейту туралы

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІ

ҚАУЛЫ

26.03.2021 ж.

Ақтөбе қаласы

Ойыл ауданы тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу

жөніндегі шектеу карантиндік шараларды күшейту туралы

Ойыл ауданы тұрғындары арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуын алдын алу, сондай-ақ Ойыл ауданының аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай мақсатында (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК(№01-08/-00-234 26.03.2021жыл)Қазақстан Республикасының аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды облыстар аудандары тұрғысынан 2021 жылдың 22 наурыздағы бағалау матрицасына сәйкес Ойыл ауданы қызыл аймаққа кіруіне байланысты), «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 104-бабының 3 және 4 тармақтарын, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67, 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №68 қаулыларынбасшылыққа алып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Ойыл ауданы әкіміне:

1.1. тыйым салу:

1) конференциялар, көрмелер, форумдар, ойын- сауық, спорттық, сондай-ақ адамдар көп жиналатын отбасылық, салтанатты, естелік, ас беру және басқа да іс-шараларды, оның ішінде үйде;

2)ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі және ойын клубтары, боулинг- орталықтары, кальян (оның ішінде қоғамдық тамақтандыру объектілері жанындағы), балалар ойын алаңдары және аттракциондар, жабық үй-жайлардағы, батуттар және басқалар), букмекерлік кеңселердің және лото-клубтардыңқызметтеріне, оның ішінде лотерея ұтыстары;

3) кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне;

4) банкет залдарының қызметіне;

5) бастауыш, орта жәненегізгі орта деңгейдегі білім беру, орта оқуұйымдарындағыасханажұмысына;

6) мәдениет объектілерінің (дайындықтар);

7) театрлардың, кинотеатрлардың, концерттік залдардың.

1.2. келесі объектілерге қатысты шектеу карантиндік шараларын күшейту:

1) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 19 қосымшасындағы  талаптарды сақтай отырып топты 15 адамнан артық толтырмаған кезде, алдын ала жазылу бойынша балалардың түзету кабинеттері, балалар мен ересектердің білім беру орталықтарының;

2) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 7 және 16 қосымшаларына сәйкес, жұмыс және демалыс күндеріішкі тәртіпке сәйкес сұлулық салондарының, шаштараздардың, СПА орталықтарының және косметологиялық қызмет көрсететін объектілердің (алдын ала жазылу бойынша, 1 келушіге 4м2);

3) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің   2020 жылғы  25 желтоқсандағы №67 қаулысының  5 қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, жұмыс кестесін белгілей отырып, жұмыс және демалыс күндері сағат 08.00-ден 20.00-ге дейінсупермаркеттер қызметіне;

4) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 11 қосымшасына сәйкестолтырылуы 80% аспаған жағдайда халықтың тұруы бойынша қызмет көрсету саласындағы ұйымдарының (қонақ үйлер)  қызметіне;

5) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 5 қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, жексенбі күнінен басқа жұмыс күндері ішкі тәртіпке сәйкес ашық (азық-түлік және азық-түлік емес) базарлардың;

6) медициналық орталықтардың, кабинеттердің, стоматологиялардыңалдын ала жазылу бойынша;

7) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 1 қосымшасындағы  талаптарды сақтай отырып, банктердің, халыққа қызмет көрсету орталықтарының, «Қазпочта» АҚ бөлімшесінің жұмыс уақытын сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін шектей отырып;

8) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 14 қосымшасындағы  талаптарды сақтай отырып, мектепке дейінгі мекемелерінде кезекші топтар 15 адамнан аспайтын топтарды жинақтау;

9)Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 1 қосымшасына сәйкес, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кеңселердің), квазимемлекеттік сектор органдары, ұлттық компаниялар, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің (бұл ретте қызметкерлердің кемінде 80%-ы қашықтықтан, 20%-ы күндізгі режимде жұмыс жасауда қалады);

10)Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 20 қосымшасындағы  талаптарды  сақтай отырып, діни объектілерде ұжымдық іс-шаралар өткізбей;

11) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 21 қосымшасындағы  талаптарды сақтай отырып, қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда) толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан аспайтын сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеу.

Бұл ретте ұжымдық, салтанатты, отбасылық, естелік (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру) және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге қатаң тыйым салынады.

12) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 5 қосымшасындағы  талаптарды сақтай отырып, ауданы 2000 кв.м. дейін азық- түлік емес дүкендердің;

13) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 16 қосымшасындағы  талаптарды сақтай отырып, сенбі, жексенбі күндерінен басқа жұмыс күндері ішкі тәртіпке сәйкес сауналардың;

14) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 16 қосымшасындағы  талаптарды сақтай отырып, сенбі, жексенбі күндерінен басқа жұмыс күндері ішкі тәртіпке сәйкес бассейндердің;

15) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсанындағы №67 қаулысының 5қосымшасындағы  талаптарды сақтай отырып, сенбі, жексенбі күндерінен басқа жұмыс күндері ішкі тәртіпке сәйкес жабық базарлардың (азық- түлік және азық- түлік емес);

16) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 8 қосымшасындағы талаптарды сақтай отырып, сенбі, жексенбі күндеріненбасқа жұмыс күндері ішкі тәртіпке сәйкес, спорт кешендері, спорттық- сауықтыру орталықтарының, фитнес орталықтарының;

17) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 5 қосымшасының талаптарын сақтай отырып, сенбі, жексенбі күндерінен басқа жұмыс күндері ішкі тәртіпке сәйкес сауда үйлерінің, сауда желілерінің.

1.3. Ойыл кентінің кіреберісіндегі шектеу іс-шаралары:

1)Ойыл кентіне баратын және келетін барлық адамдарға міндетті түрде термометрия және сауалнама жүргізе отырып, санитариялық бекеттерді ұйымдастыруды қамтамасыз етсін;

2) COVID-19 белгілері бар барлық адамдарды COVID-19 -ға зертханалық тексеру жүргізу үшін карантиндік стационарда 2 тәулікке оқшаулауды қамтамасыз етеді. COVID-19 -ны жоққа шығармайтын COVID-19 белгілері бар адамдар карантиндік стационарды айналып өтіп, провизорлық стационарға жатқызылады;

3) COVID-19 -ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін оң нәтижесі бар адамдар емдеу үшін инфекциялық стационарға ауыстырылады, COVID – 19-ға теріс нәтижесі бар адамдар 12 тәулік бойы үйде (үй карантині) оқшауланады. Үйде оқшаулау үшін жағдайлар болмаған жағдайда жергілікті атқарушы органдар айқындаған үй-жайларда оқшаулау ұсынылады.

  1. Ойыл ауданы әкіміне, Ойыл аудандық білім беру бөліміне:

1)жалпы білім беретін мектептерде 1 сыныптан бастап 5 сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1 сыныптан бастап 7 сыныпты қоса алғанда, мектеп алды сыныптарының оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытуға;

2) оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан аралас форматта оқытуға рұқсат етуді(сыныпта 15 адамнан асырмай, «1 сынып – 1 кабинет» қағидаты бойынша оқыту, санитариялық-дезинфекциялық және маска режимін сақтау).

  1. Ойыл ауданының әкімі, Ойыл аудандық ауруханасының бас дәрігеріне медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектілеріне кіретін адамдардың дене температурасын өлшеуді,ЖРВИ, тұмау және COVID-19 белгілеріне күдікті барлық тұлғаларды «фильтр» арқылы қабылдауды,стационардың қабылдау бөлмінде пациенттердің күнделікті ағынын хирургиялық және терапиялық бейіндер бойынша бөлек қабылдауды жәнекүшейтілген дезинфекциялық режимді қатаң сақтауды қамтамасыз етсін.
  2. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

5.«Ойыл ауданы тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы» Ақтөбе облысының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 17 наурызындағы №ПГСВ-9 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

6.Осы қаулының орындалуын бақылауды Ойыл ауданының Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігері Г.А. Кубаевқа жүктеймін.

  1. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 Ақтөбе облысының

Бас Мемлекеттік

санитариялық дәрігері                                                           Н.А. Беркімбаева

Басқа жаңалықтар

Back to top button