Жаңалықтар

ҚР ІІМ көліктегі полиция департаменті Ақтөбе станциясының полиция желілік бөлімі

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі 2021 жылғы наурыз айының 24-нен 26-на дейінгі аралықта «STOP-трафик» оперативті-алдын алу шарасын өткізуде. Оның мақсаты — шаруа қожалықтарында, ауыл шаруашылығы алқаптарында, қыстақтарда, құрылыс нысандарында, т.б. жерлерде мәжбүрлі жұмысқа салу деректерін анықтау.
Аталған шара аясында көліктегі ішкі істер бөлімі сондай-ақ жезөкшелік және жеңгетайлықпен шұғылдану үшін әдейі ғимараттарды ұсыну және жыныстық әрекеттерді іске асырудың алдын алу мақсатында көңіл көтеру орындарында, монша кешендерінде, сауналарда, қонақ үйлерде жедел-іздестіру шараларын жүргізеді. Сонымен бірге сауда құрбандары туралы жарияланымдарды белгілеу үшін және оларға байланысты жедел шара қолдану, жан-жақты тексеру жүргізу мақсатында БАҚ, сайттар мен әлеуметтік желілер (Facebook, Twitter, Вконтакте, инстаграм, телеграм) мониторингі жүзеге асырылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button