Жаңалықтар

Түлектерді жұмысқа шақырды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының біздің облыс бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Нұр-Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университеті мен еліміздегі медресе-колледждерді биыл бітіретін түлектермен кездесу өтті.

Басқосуға облыстық дін істері басқармасының басшысы Әлімбек Тұрәлиев пен  облысымыздың бас имамы Төлеби Оспан қатысты.

Кездесудің басты мақсаты — бітіруші түлектерді облысқа қызметке тарту. Басқарма басшысы Әлімбек Тұрәлиев өзінің сөзінде облыс әкімінің қолдауымен жыл сайын исламтану, дінтану және теология мамандықтарына грант бөлінетінін, медресе-колледждер түлектерінің оқуын одан әрі жалғастыру үшін осы мүмкіндікті пайдалануына болатынын айтты.

Бас имам Төлеби Оспан: «Ақтөбедегі 68 мешітте 115 діни қызметкер бар. Олардың 76 проценті — орта және жоғары діни білімді мамандар. Барлық мешіттер имаммен қамтамасыз етілген. Алайда жоғары және орта діни білімді мамандарға қажеттілік әлі де бар», — деп атап өтті.

Сонымен қатар медресе-колледжді бітіруші түлектердің арасында оқуын жалғастырғысы келетіндерге қазірден бастап емтиханға дайындалу керектігі де айтылды. Биыл 29 ақтөбелік жас діни оқу орнын бітіреді. Олардың бірқатарын арнайы діни білімі жоқ имамдардың орнына ауылдық мешіттерге тарту көзделген.

Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button