Жаңалықтар

Ақтөбелік күйшілердің енді «өз үйі» бар

Ақтөбеде «Күйшілер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы ашылды. Мақсат — өңірде тұратын күйшілердің басын біріктіріп, олардың кәсіби біліктілігін арттыру үшін шығармашылық орта қалыптастыру, осы өнер түрін насихаттау.

Игі шараны облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисова ашып, «Күйшілер одағы» облыстық филиал төрағасы болып тағайындалған белгілі күйші, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясының А.Жұбанов атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің бас концертмейстері әрі ұстаз Талап Хамзинге ұйымның куәлігін тапсырды.

Филиал облыстық халық шығармашылығы орталығы ғимаратында орналасады.

Өз кезегінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі күйші әрі ұстаз Жайлау Асылханов облыстық халық шығармашылығы орталығындағы жаңа филиал өңірдегі күйшілердің маңдай тірейтін екінші үйі болатынын айтып, әріптестеріне лебізін білдірді.

Ақтөбедегі бір топ күйші қатысқан жиында алдағы жұмыс жоспары да талқыланды.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button