Жаңалықтар

Жыр алыбы — Жамбыл

Қауылжыр ауылдық кітапханасында жыр дүлдүлі, «ХХ ғасырдың Гомері» атанған Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай «Жыр алыбы — Жамбыл» атты әдеби кеш өтті.                         

Бұл шараға №42 бастауыш мектебінің мұғалімі Гүлжан Сейпілова мен оның шәкірттері, 4-сынып оқушылары Айару Қанат, Ақбаян Төремұрат, Ислам Керімберді, Мадина Жақсыбай, Замира Әбдібай және Мұхтар Әбдірахман белсенді қатысып, ұлы жырау, ақын Жамбылдың көптеген жырларын жатқа оқыды.

Кітапханашылар оқырмандарды Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына қатысты қызықты деректермен таныстырды. Шара аясында «Жаһанның жыр-Жамбылы» атты кітап көрмесі де ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды. Соңында әдеби кешке белсенді қатысқан оқушыларға мақтау қағаздары мен сыйлықтар тапсырылды.

Алтынгүл СЕГІЗБАЕВА,

Қауылжыр ауылдық моделді

кітапханасының кітапханашысы,

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button