Жаңалықтар

Нағымжан Алдияров — облыстық басқарма басшысы

Нағымжан Алдияров Ақтөбе облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Ол — М.Тынышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік​ көлік және коммуникация академиясының түлегі.
Еңбек жолын 1997-1998 жылдары Ақтөбе қаласындағы «Аққайың» өндірістік кооперативінің бас есепшісі болып​ бастаған, Алға ауданы Маржанбұлақ ауылдық округінің әкімі болды, Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық​ шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары​ бөлімін басқарды, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары, Алға ауданының әкімі лауазымдарын атқарды.
Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып тағайындалғанға дейін Хромтау ауданын басқарды.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button