Жаңалықтар

Журналисті мерейтойымен құттықтады

Әйтеке би ауданының әкімі Дархан Ермағанбетов аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінің бас редакторы Егенберлі Әбдіраевты 60 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.

Аудан әкімі бас редакторға шығармашылық табыс тіледі. Алғыс хат және арнайы сыйлықпен марапаттады.

Егенберлі Әбдіраевтың  Әйтеке би ауданындық газетіндегі алғашқы еңбек жолы  1990 жылы басталды. Кейін Ақтөбе қаласындағы қалалық газетке ауысты. Әйтеке би аудандық ішкі саясат бөлімінде жұмыс жасады. 2002 жылы ауданға оралып, газеттегі жұмысын қайта жалғастырды. Соңғы бір жылда бас редактор қызметін атқарды. Журналистің еңбегі ескерусіз қалған жоқ. «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен және әр жылдары облыс, аудан әкімдігінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

К.ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button