Жаңалықтар

2 мың кеңес берілді

Кез келген кәсіпкер немесе осы салаға қызығып жүрген азаматтардың арнаулы орталыққа жүгініп, білікті заңгерден кеңес алуына, салық есептілігін тапсырып, бизнес-жоспар жазуда көмек алуына болады. Бұл — ақысыз қызмет.

Облыстық кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған кәсіпкерлерді қолдау орталығында 3 кеңесші менеджер жұмыс істейді: заңгер, бухгалтер, маркетолог.

Айталық, Ақтөбе қаласында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлер бухгалтерлік және салық есебін жүргізуге, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасауға байланысты қызметтер және заңгерлік қызметтер, сондай-ақ маркетинг мәселелері бойынша қызметтерге байланысты 8 (7132) 744-616 (ішкі – 1530) телефон нөміріне хабарласа алады.

Бизнесті қолдау қызметтерін облыстың кез келген жерінен алуға болады. Әр ауданда өңірлік кәсіпкерлер палатасының филиалында қаладағыдай осындай мүмкіндіктер ұсынылады.

Ал онлайн-кеңес және сервистік қызметтерге https://g4b.kz порталында қол жеткізуге болады.

Айта кетейік, қаржылық емес қолдау бөлімінің сарапшысы Гүлшат Қаңтарбаеваның мәліметінше, өткен жылы кәсіпкерлерді қолдау орталығының мамандары 2009 кеңес берген.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button