Жаңалықтар

Стационарлық полиция бекеттері іске қосылады

Ақтөбеде көшелердегі қоғамдық орындарда модульдік үлгідегі стационарлық полиция бекеттері іске қосылады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әзірге мұндай посттар 5 орынға — Теміржол вокзалының алаңына, «Жилгородок» қала базарының алаңына, ағайынды Жұбановтар және 101-атқыштар бригадасы көшесінің қиылысына, Орталық базар маңына, Әбілқайыр хан даңғылындағы «Нұр-Ғасыр» орталық мешіті маңына қойылды.

— Стационарлық бекеттер ішкі және сыртқы бейнебақылау жүйесімен, қысқы және жазғы климатты бақылау жүйесімен, стационарлық радиобайланыспен, сондай-ақ барлық коммуналдық жағдаймен (кәріз, су құбыры, желдету) қамтамасыздандырылған төрт үй-жайдан тұрады. Бөлменің үштен бірі әйнек күйінде болды, бұл полиция қызметкерлерінің жұмысының ашықтығын қамтамасыз етеді. Қажет болған жағдайда стационарлық полиция бекетін қаланың кез келген жеріне ауыстыруға болады.

Стационарлық бекеттерде полиция қызметкерлері тәулік бойы қызмет атқарады, күндізгі уақытта сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін бекетте учаскелік полиция инспекторы болады және азаматтардың өтініштері мен арыздарын қабылдайды. Құқықтық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бекеттер мен іргелес аумақтарда патрульдік қызметтің кезекшілігі ұйымдастырылатын болады. Бұл жаңалық полицияның азаматтардың сұраныстарына сапалы жауап беруін қамтамасыз етеді, «полицияның қадамдық қолжетімділігі» қағидаты бойынша жұмыс істеуге септігін тигізеді деген сенімдемін, — деді ПД бастығы Атығай Арыстанов.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button