Жаңалықтар

Мұз айдыны ашылды

Аудан

Байғанин ауданының орталығы Қарауылкелдіде «Extreme» қысқы демалыс орталығы ашылды. Демалыс алаңында мұз айдыны және сырғанақ тебу орны бар.

Ауыл тұрғындарының, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында осы демалыс орнын аштық. Жобаның құны — 2 миллион теңге, — дейді кәсіпкер Сейітзада Саламатов.

Ол кәсібін шағын ғимаратты жалға алып, мұз айдынын құйып, сырғанақ тебуге арналған биік сатыны ​ жасаудан бастапты. Содан соң 50-ге жуық коньки мен 40 сырғанақ балондарын сатып алған.

Қазірде Қарауылкелдідегі «Extreme»  қысқы демалыс орнына  келушілер көп. Мұнда  күн сайын 100-150 адам келіп, демалады екен.

Аудан орталығында мұз айдынының ашылғанына тұрғындар да риза.

 

Г.БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button