Жаңалықтар

Жөнделген үйлер кезекте тұрғандарға беріледі

Ембі — тоғыз жолдың торабында орналасқан шағын қалалардың бірі. Соңғы жылдары қалада бірқатар ілкімді істер атқарылды.

Теміржол бойындағы Б.Момышұлы көшесінде орналасқан көп қабатты тұрғын үйлер қала келбетін бұзып тұратын. Енді олардың кейпі өзгеріп, іші жанға толатын болады.

Бүгін Ембі қаласында көп жылдар бойы қаңырап бос тұрған көп қабатты тұрғын үйлер жөнделуде.

Б.Момышұлы көшесіндегі бес қабатты №11 және №15 тұрғын үйлер 1994 жылдан бастап бос тұр. №11 үйде — 45 пәтер, №15 үйде 90 пәтер бар.

Жөндеу жұмыстары толық аяқталғаннан кейін тұрғын үйлер Ембі қаласы бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған түрлі санаттағы тұрғындарға беріледі.

Жандос АЙТЖАН,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button