Жаңалықтар

Бар қызмет онлайн жүргізіледі

Зейнетақы төлемі

23 қаңтар күні «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ уәкілетті оператор ретінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануға өтініш тапсыра алатын арнайы онлайн платформаны іске қосқан болатын.

Enpf-otbasy.kz онлайн-платформасында алғашқы күні біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға 11 000-нан астам қазақстандық өтінім берді.
— Банк бөлімшесіне барудың қажеті жоқ, барлық өтінімдер онлайн түрде қабылданады. Тұрғындар негізінен ипотекалық қарызды өтеу, тұрғын үйді толық сатып алу, жақын туыстарына зейнетақы жинақтарын табыстау, отбасы банкінде ипотекалық қарызды тиімді шарттармен рәсімдеу сынды қызметтерді таңдап отыр.
Тәжірбиеге сай, қолданыстағы несиені өтеуден гөрі жаңа баспана сатып алуға ипотека рәсімдеу тиімдірек.
Біржолғы зейнетақы төлемдерін алу бойынша онлайн-платформамен жұмыс істеу кезінде сізге nclayer сертификаттарын орнату қажет. Сертификаттарды Pki.gov.kz сайтында орнатуға болады. Зейнетақы жинақтарын алу бойынша барлық іс-шараларды тек компьютер арқылы ғана жасауға болады, бұл ретте мобильді нұсқамен жұмыс істеуге болмайды, — дейді банктің облыстық филиалы бизнесті дамыту бөлімінің 1-санатты маманы Мақсат Зайтов.

Сонымен бірге салымшыларға ыңғайлы болу үшін www.enpf-otbasy.kz онлайн платформаcында  біржолғы зейнетақы төлемдерін жақын туыстарға табыстау тәсілі бойынша нұсқаулық дайындалған.

—  Зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегінен асқан бөлігін табыстауды жоспарламас бұрын, алдымен «Отбасы банкінде» арнайы шот ашу қажет (қаражатты табыстаушыға да, қабылдаушыға да). Зейнетақы жинақтары тек жақын туыстар (ерлі-зайыптылар, ата-аналар,  балалар, бала асырап алушылар, асырап алған балалар, туған немесе әкелері, аналары бөлек аға-інілер мен әпке-сіңілілер, ата-әжелер) арасында табысталады. Банк сіздің жинақтарыңызды туысыңызға табыстау өтінімдеріңізді 2 жұмыс күні ішінде қарайды, содан соң Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 5 жұмыс күні  ішінде қажетті қаражатты «Отбасы банкіндегі» арнайы шотыңызға аударады. Зейнетақы жинақтарыңызды «Отбасы банкінің» тиімді бағдарламалары арқылы баспаналы болуға  бастапқы жарна ретінде пайдалануыңызға болады, — дейді банктің облыстық филиалы бизнесті дамыту бөлімінің 1-санатты маманы Мақсат Зайтов.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button