Жаңалықтар

«КМК Мұнай» кәсіпорны: облыстық комиссия құрылды

Облыста «КМК Мұнай» кәсіпорны жұмысшыларының ұжымдық үндеуіне қатысты комиссия құрылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес Ақтөбе облысының еңбек инспекциясына​ «КМК Мұнай» кәсіпорны жұмысшыларының атынан еңбекақыларын​ 100%-ға көтеру, тамақтандыру жайын жақсарту, жатақханадағы жағдайларға қанағаттанбау, кәсіпорынның кәсіподақ комитеті жұмысының нашарлығы және​ жұмысшыларға қысым көрсетілу​ мәселелеріне байланысты​ ұжымдық үндеу түсті. Аталған арызда еңбекақыны көтеру талабы орындалмаған жағдайда жұысшылардың 2021 жылдың 25 қаңтарынан бастап​ жұмысты тоқтату туралы шешім қабылдайтындықтары​ көрсетілген.
«Облыс әкімі​ Оңдасын Оразалиннің тапсырмасымен облыс әкімінің орынбасары Сәлімгерей Бекбергенов төрағалық ететін комиссия құрылды. Комиссия құрамында еңбек инспекциясы, индустриялық-инновациялық​ ​ даму​ басқармаларының​ басшылары, кен орны орналасқан Темір ауданы әкімдігінің өкілдері мен аудан прокуроры​ бар.
Қазіргі таңда «КМК Мұнай» АҚ жұмысшыларымен ұжымдық арызда көрсетілген талаптарды түсіндіру бойынша кездесу өтуде. Кездесудің нәтижесі қосымша хабарланатын болады», — делінген хабарламада.​

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button