Жаңалықтар

«Рубеж» арқылы 6 мың дерек анықталды

Жол қауіпсіздігі

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Ақтөбе қаласына кіріп-шығатын көліктерді бақылау мақсатында, қаладан шығатын жеті бағытқа «Рубеж» аппараттық-бағдарламалық кешені орнатылды.

Бұл жүйе көліктің мемлекеттік нөмірін, маркасы мен түсін және қанша жылдамдықпен келе жатқанын автоматты түрде анықтайды. Бағдарлама арқылы 6 мың жол ережесін бұзу дерегі анықталды.  Мәселен, облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 10 қаңтар күні түнгі сағат 23.00-де Самара-Шымкент тасжолының  Хромтау маңында жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткені туралы хабарлама түседі. Оқиға орнына кезекші жасақ тез жетеді. Жаяу адам сол жерде көз жұмған. Ал оны қаққан жүргізуші қашып кеткен.

Тексеру кезінде сол аймақтан көлік шамының пластикалық бөлшегі табылды. Полиция қызметкерлері барлық жүк көліктерін тоқтатты. Көлік маркасын анықтау үшін табылған бөлшекті көліктердің шамына сәйкестендіріп, тексеріп шықты. Нәтижесінде  жаяу жүргіншіні «Мерседес» маркалы жүк көлігі қағып кеткені анықталды. Барлық жасақтарға «Мерседес» жүк көлігін іздеуге тапсырма берілді. Көлік ағынын бақылауға арналған автоматтандырылған жүйенің (КАБАЖ) камералары арқылы іздестіру басталды. «КАБАЖ» аппараты сағат 23.03-те «Мерседес» маркалы  жүк көлігінің Ақтөбе қаласына келгенін және оның оң жақ шамы нашар жанғанын көрсетті. Аппарат көліктің маркасын және мемлекеттік нөмірін де анықтап берді. Автокөлік Алматы облысының аумағында тіркелген. Полиция қызметкерлері жүргізушіні ұстады.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button