Жаңалықтар

Сайлаушылардың ынтасы

Алға ауданында барлығы 34 сайлау учаскесі жұмыс істеді.

Алға қаласындағы №3 орта мектепте №160 сайлау учаскесіне алғашқы сағаттың өзінде-ақ адамдар көптеп келе бастады. Сайлаушылардың өз таңдауларын жасауына қолайлы жағдайлар жасалған. Сайлауға алғаш рет қатысушылардың бірі Мирас Нұғымановқа құрмет көрсетіліп, салтанатты жағдайда сыйлық тапсырылды.

Саяси науқан қалыпты ахуалда өтті. Індеті қаупіне байланысты барлық сақтық шаралары жасалды. Әлеуметтік қашықтықтар сақталып, дауыс беруге келушілердің дене температурасы өлшенді.

Аудандағы үлкен округтердің бірі — Тамдыдағы сайлау учаскесінде ең қарт сайлаушы Евгения Ковтунь, алғашқы дауыс беруші Дана Сисенбай сыйлық иесі атанды. Жалпы, Тамды ауылындағы 1418 сайлаушының басым бөлігі науқанға белсенділікпен қатысты.

Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Рита Айтжанова хабарлағандай, сағат 20.00-де сайлаушылардың қатысуы 60 пайыз шамасын құрады.

А.БАБЕНҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button