Жаңалықтар

Бір мектептегі екі учаске

Ақтөбе қаласындағы 11 шағын ауданда орналасқан №35 орта мектепте екі сайлау учаскесі бар.  №28 және №110 сайлау учаскелеріне 4600-ге жуық сайлаушы тіркелген.

— 11 шағын ауданда халық көп тұрады. Сол себепті де мұнда сайлаушылар көп. Бұл аудандағы 4 мектептің 4-еуінде де сайлау учаскелері ашылған.  Осы маңдағы №9 мектеп-гимназия, №32 мектеп-гимназия, №37 мектепте бір-бірден сайлау учаскесі  болса, біздің мектепте екі сайлау учаскесі жұмыс жасап жатыр. Олар — №28 және 110 сайлау учаскелері.

Таңғы сағат 7.00-8.00-дің арасында негізінен үлкен кісілер келді. Дегенмен бұл уақытта сайлаушылар  көп бола қойған жоқ. Сағат 11.00-15.00-тің кезінде сайлаушылар белсенділік танытты. Ұйымдасқан түрде отбасыларымен келіп, өз таңдауларын жасаған сайлаушылар да болды. Халықтың көңіл күйі көтеріңкі. «Сайлау әділ өтсін» деп тілектерін айтып кетіп жатыр, — дейді №28 сайлау учаскесінің төрағасы Бақытбек Ержан.

Аталған учаскеде 1818   сайлаушы тіркелген. Сайлау барысын әр саяси партиядан келген бір-бір байқаушы бақылауда.

№35 мектептегі екі сайлау учаскесінде де санитарлық талаптар қатаң сақталған.

 Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button