Жаңалықтар

Тергеудегі азаматтар  дауыс берді

Облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты  КА-168/1тергеу мекемесіндегі №89 сайлау учаскесі өз жұмысын тағы 7:00-де бастады. Учаскеде  тергеудегі азаматтар мен сот үкімі заңды күшіне енбеген күдіктілер және айыпталушылар дауыс берді.

Сайлау учаскесінде дауыс беру кезінде барлық санитарлық талап сақталды.  Дезинфекция  жасалды. Келушілердің қызуы өлшенді. Желдеткіштер қосылып тұрды. Арақашықтықтың сақталуына мән берілді.  Учаскеде барлығы 241 адам дауыс берді.  Дауыс беру сәтін бақылаушылар қадағалап отырды.

-Дауыс беру кезінде  барлық санитарлық талап сақталды. Сайлау комиссиясының барлық мүшелері алдын ала ПТР тестілеуден өтті.

Бұған дейін тергеу изоляторының қызметкерлері күдіктілер мен айыпталушыларға сайлау құқықтары мен дауыс беру тәртібін түсіндірді, – деді облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы, әділет полковнигі Алмас Шамишев.

Тергеу изоляторларының сайлау учаскелерінде дауыс беру изоляторлардың қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге және ҚР «Сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес жүргізілді.

 Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button