Жаңалықтар

Алаяқтарға алданып қалмаңыз!

Ақтөбеде алаяқтардың ватсап мессенджерлері арқылы ақша сұрау деректері жиілеп кеткен. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Белгісіз біреулер ватсап арқылы хат алмасып, таныстары болып қарызға ақша сұрайды. Жәбірленушілер ақшаны мобильді қосымша арқылы аударады, ал алаяқтар аталған соманы алғаннан кейін телефонды өшіреді.

Жәбірленушілер ватсап аватарында таныс адамның фотосуреті болғандықтан,  алданып қалғандарын айтады.

Осыған байланысты облыстық полиция департаменті азаматтардан ақша қаражатын аудару кезінде мұқият болуды және телефон соғу арқылы кімнің қарызға ақша сұрап отырғанын нақтылап алуды сұрайды.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button