Жаңалықтар

Парламент Сенатының депутаттарымен кездесу

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Мұхтар Жұмағазиев және Бауыржан Қаниевпен кездесті.

Облыс басшысы: «Әлемді жайлаған пандемияға қарамастан, біздің облыста әлеуметтік саланы дамытудың барлық шаралары қабылданды. Әлеуметтік нысандардың құрылысы, елді мекендерді газдандыру, сумен жабдықтау, қалалар мен аудан орталықтарындағы көлік жолдарын жөндеу бойынша ірі жобалар толық жүзеге асырылды. Халықтың аз қамтылған тобын баспанамен қамтамасыз ету мақсатында көп қабатты үйлер салынуда. Басты назар инвестиция тартуға аударылып отыр. Бұл мәселелер жергілікті атқарушы органдар үшін басым болған және солай қала береді», — деп атап өтті.

Депутаттар жұмыс бағдарламасы аясында облыстың шалғай ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, оларды Парламентте әзірленген ауылшаруашылық, экология салаларындағы заң жобаларымен таныстыратындықтарын айтты.

Сенаторлар түсіндіру жұмыстарынан бөлек халықты мазалаған өзекті мәселелерді де білуге, азаматтардың әл-ауқатын айтарлықтай жақсартатын және тұрмыс сапасын көтеретін мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысымен танысуға ниетті.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button