Жаңалықтар

5 адамнан коронавирус анықталды

29 желтоқсан күні облыста коронавирус жұқтырған 5 адам тіркелді. Науқастардың барлығы — Ақтөбе қаласының тұрғындары. Екеуі — зейнет жасындағы адамдар. Аурушаңдықтың   өсу  деңгейі – 0,1%.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3676 адам  тіркелді, оның 49,4%-ы ауру белгілерімен (1816) және 50,6%-ы симптомсыз (1860) жағдай. 3546 науқас жазылып шықты. Ақтөбе қаласында 2613 адам ауырса, Әйтеке би — 21, Алға — 101,  Байғанин — 57, Ырғыз — 54,  Қобда — 14, Қарғалы — 58, Мәртөк — 127, Мұғалжар — 176, Темір — 190, Ойыл — 21, Хромтау — 130, Шалқар ауданында 114 адам вирус жұқтырған. Жалпы тіркелген 3676  науқастың 3,6%-ы сырттан келген. 540 науқас ауру адаммен байланыста болған. Профилактикалық мақсатта тексерілгендердің саны — 1026. Қазіргі таңда үй карантиніне 157 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button