Жаңалықтар

Еңбек ұжымдарымен кездесті

«Ақ жол» демократиялық партиясының үгіт-насихат тобы Маңғыстау облысында еңбек ұжымдарымен кездесті.

ҚР Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов, Мәжіліс депутаттығына үміткер Ғазиза Тәжібаева, партия өкілі Жаңбырбай Матаев бастаған республикалық штаб мүшелері Маңғыстау өңіріндегі «Багис» және «КапремСервис» кәсіпорындарының ұжымымен кездесті. Кездесуде «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.

Қазір үгіт-насихат науқаны жүріп жатыр. Маңғыстау өңірі  — «Ақ жол» партиясының негізгі тірегінің бірі. Біздің ұсынысымыз — экономикалық саяси түбегейлі өзгерістер қажет, — деді Берік Дүйсембинов.

Кездесуде «Ақ жол» демократиялық партиясы жастар қанатының жетекшісі Ғазиза Бақтиярқызы маңғыстаулықтарға партия ұсынған осындай өзгерістердің іске асуы сіз бен біздің таңдауымызға байланысты екенін айтып, партияға дауыс беруге шақырды.

akzhol.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button