Жаңалықтар

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы

Ақтөбе облысы аумағы бойынша  эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
21.12.2020 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 5 жағдай тіркелді, оның 3-інің клиникалық симптомдары бар, 2-і – симптомсыз ауру. Барлығы да Ақтөбе қаласынан(жергілікті жағдайлар). Аурушаңдықтың   өсу  деңгейі – 0,1% құрайды.
Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3634 жағдай тіркелді, оның ішінде 49,2%-ы ауру белгілерімен (1790) және 50,7%-ы симптомсыз (1844) жағдай. 3490 (96%) науқас жазылып шықты.
Ақтөбе қаласында – 2586 жағдай, оның ішінде (1149 симптомсыз), Әйтеке би – 21 (8), Алға – 100 (78), Байғанин – 57 (35), Ырғыз – 54 (38),  Қобда 14 (13), Қарғалы – 58 (35), Мәртөк – 114(58), Мұғалжар – 176 (128), Темір – 190 (158), Ойыл – 21 (10), Хромтау – 129(70), Шалқар ауданы – 114 (65).
Жалпы тіркелген 3634 науқастың 3,6% (131) сырттан әкелінген, 14,5% (530) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 81,8% (2973) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 34,3% (1021) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.
Қазіргі таңда үй карантиніне 221 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.

Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button