Мереке

Жетістіктер жолы

Ел үшін ерінбей қызмет еткен адамның еңбегі қашанда еленеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел дамуына үлес қосқан азаматтарды ескерусіз қалдырған емес. Алға ауданының құрметті азаматы, өңірге белгілі дәрігер Сағынғали Тәженов — Елбасының Алғыс хатымен бес рет марапатталған адам.

Сағынғали Айтжанұлы жиырма төрт жыл Алға аудандық ауруханасының бас дәрігері қызметін атқарды. Осы жылдар ішінде аймақтың денсаулық сақтау саласына қыруар еңбек сіңірді. Елбасы тапсырмалары уақытында орындалды. Осы саладағы үздік қызметі үшін Тұңғыш Президенттің Алғыс хатымен бірнеше рет марапатталды.

Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі жетістіктері — Елбасының халқымыздың игілігі жолындағы қажырлы еңбегінің нәтижесі. Тұңғыш Президентің мемлекеттің бірлігін, конституциясын, адам құқықтарын және бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ететін жаңа тәуелсіз елдің  негізін қалап, оның дамыту жолындағы еңбегі орасан зор. Бұған ешкімде де дау тудырмасы анық. Оның ішінде Елбасының денсаулық сақтау саласына қатысты еңбегін ерекше атауға болады. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардан бастап, осы салаға айтарлықтай көңіл бөлінді. Себебі Елбасы халық денсаулығын нығайтуды бірінші орынға қойды. Нәтижесінде жаңа ауруханалар, емдеу мекемелері салынды. Жаңа құрал-жабдықтар сатып алынды. Мамандар дамыған елдерден тәжірибе жинақтауға мүмкіндік алды, — дейді ардагер дәрігер.

Сағынғали Айтжанұлы Нұрсұлтан Назарбаевты 1998 жылы Алғаға келген сапарында көріпті. Елбасы Есет батырдың кесенесіне зиярат етіп келгенде аудан азаматтарымен бірге қарсы алған. Ардагер дәрігер Тәуелсіздік алған жылдардан осы уақытқа дейін бағындырған белестеріміздің көп екенін айтады.  Алда алар асуымыз одан да көп. Тұңғыш Президенттің сарабдал саясатының арқасында еліміз дамудың даңғыл жолына түсті.  Алдағы белестерді де бағындырарымыз анық. Оған Елбасымыздың бастамасымен қабылданған «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» секілді бағдарламалар септігін тигізері сөзсіз.

Кәмшат СЕКСЕНБАЙҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button