Мереке

Көзқарас

Мен еліміздің Тұңғыш Президентімен  Ақтөбеге  келген  іссапарында кездестім. Сол кездесуде Нұрсұлтан Әбішұлының бір сөзі маған үлкен ой салып, серпін берді.

Жастарға «Сендер еліміздің ертеңгі күнісіңдер. Өмірге келдіңдер ме, демек, елге барыңды беріп кетуге тиіссіңдер! Елді тоңдырмаңдар, тоңса жылытыңдар!» — деп бір топ жасқа қарап, ойлана тұрып, бәрін көзімен асықпай  шолып өтті. Бұл көзқарасы әрқайсысымызға жеке-жеке «Түсіндіңдер ме, мен сендерге сеніп айтып тұрмын» дегендей ой салды. Шыны керек, осы сөз көңіліме түрткі болды ма, «мен еліме қандай жылу сыйлай аламын?» деген сұрақты содан бері өзіме жиі қоятын болдым.

Бұл бір сәттік  кездесудегі көрініс. Бірақ менің көз алдымда үнемі сол көзқарас сынай қарап, қамшылап тұрғандай әсер етеді.

Нұрсұлтан Әбішұлы осындай көзқарасымен талай адамға ой салған да шығар-ау…

Гүлжайнар ҚАЛДИНА,

С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер

кітапханасының директоры.

Басқа жаңалықтар

Back to top button