Мереке

Ел тірегі

Күлімдеген адамның еліміздің Президенті екенін ең әуелі атамнан білдім. Апта сайынғы газеттерден елді басқарып отырған тұлғаның бейнесін көрген сайын ол адамның кім екенін білетініме мақтанатынмын.

Өзім жүргізіп оқи алғасын Тұңғыш Президентіміз туралы көп мәліметпен таныстым.

Қазір Н.Ә.Назарбаев — Елбасы. Ол — ғажайып тұлға! Елбасы жаңа Қазақстанды заңды түрде құрып, дамуын жоспарлап, оны жүзеге асырды. Елімізді күллі әлемге танытты. Теңдесі жоқ көк түсті байрағымыз мемлекеттік тулар арасынан ерекше көзге түседі. Қазақстан тек картадан ғана емес, елімізге қызығушылық танытқан шетелдіктер жүрегінен орын алды. Азияда қысқы ойындары, ЭКСПО-17 халықаралық көрмесі бізде өтті емес пе?

Ал Нұр-Сұлтан атты астанамыз — жеке бір дастан! Осының барлығы — Елбасының көріпкелдігінің жемісі. Жалпы, «Елбасы» деген сөз «елдің көсемі, алға қарай бағыт беруші, жол бастаушы» деген ұғымдарды білдіреді және біздің Елбасымыздың адами болмысына тән.

Еліме тірек болып отырған Елбасының сәтті қадамын оған әжесінің қойған атымен және ата-анасының еліне нұрын төккен басшы болсын деген жарқын үмітімен байланыстырамын.

Таңертең оянғандағы ашық аспан мен жарқыраған күніміз — бейбіт өмірімнің айнасы, Елбасының қажырлы еңбегінің жемісі. Нұрлы елдің ашық күндерінің нұрына бөленген біз қандай бақыттымыз! Лайым солай болғай!

Ардақ ХАМЗИНА,

Благодар орта мектебінің  7-сынып оқушысы.

Кеңес Нокин ауылы,

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button