Жаңалықтар

Велосипедші 2200 шақырымды бағындырды

Волонтерлер жылы аясында Алматыдан бастау алған қайырымдылық велошеруінің қатысушысы, волонтер Дамир Көшеев Ақтөбеге келді.

Ақтөбеге дейін 24 күн жол жүріп, 2200 шақырымды бағындырып келген волосипедшіні ақтөбеліктер ерекше ықыласпен күтіп алды.

— Биыл 2 қазан күні Алматы қалалық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Қайрат Құдайберген екеуміз қайырымдылық жобасын қолға алдық. Алматыдан басталған велошеру бүгін өз мәресіне жетті. Жол бойы кездескен ауыл-аймақтарды аралап, ондағы техникаға мұқтаж оқушылардың тізімі жасалды.

Оларға 100-ден аса планшет сатып алып беруді жоспарлап отырмыз.

Биыл елімізде Волонтерлер жылы екені белгілі. Сондай-ақ ұлы Абайдың 175 жылдығы да атап өтілуде. Осыған орай бұған дейін ағам Дәулет Көшеев екеуміз Абайдың туған өлкесіне жаяу бардық. Саяхаттағанды жаным сүйеді. Сүйікті ісімнің қайы­рым­ды­лықпен қабысқаны тіптен тамаша болды. Жақ­сылық жасау — мен үшін ең абзал іс. Бұдан кейін де осы мақсатта еліміздің барлық облысын аралау ойымда бар, — дейді ол.

Шара барысында Ақтөбе қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадияр Қабыл Дамир Көшеевке жылы лебізін білдіріп, Ақтөбе облысының энциклопедиясын тарту етті.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button