Жаңалықтар

Тағы бір дүкен ашылды

Ақжар-2 ауылында «HALYQ SAYDA» шағын көтерме сауда орталығының 9-шы дүкені ашылды. Мұнда әлеуметтік маңызды азық-түлік тізіміне енген тауарлар арзан бағамен сатылады. 

Дүкеннің ашылуына орай есік алдында дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Онда «Пригородный» шаруа қожалығында өсірілген 2,4 тонна пияз, 900 келі сәбіз, 900 келі қырыққабат, 10 тонна картоп 79 теңгеден және «Ақтөбе-Ет» сауда белгісінің 200 келі сиыр еті 1600-2000 теңгеден сатылды.

Айта кетейік, Ақжар-2 ауылындағы «HALYQ SAYDA» шағын көтерме сауда дүкені Қ.Мұхамедханов көшесі, 37-үй мекенжайында, №45 мектеп маңында орналасқан.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button