Жаңалықтар

Бекзат қари жүлдеге ие болды

Ақтөбелік қари, 17 жастағы Бекзат Тасболатов Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан елордада өткен республикалық байқаудың жүлдегері атанды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен байқау биыл 9-шы рет өтті. Бұл байқау аталған ұйымның 30 жылдық мерейтойына арналып ұйымдастырылды.

72 үміткер бақ сынаған байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегелерін марапаттау рәсіміне ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, зиялы қауым өкілдері, дін жанашырлары қатысты.

Байқауға 8-30 жас аралығындағы балалар мен жастар қатысқан. Ал жеңімпаздар мен жүлдегерлер 4 аталым бойынша  анықталды. Бұлар — мәнерлеп оқу және Құранның 10, 20, 30 парасын оқу бойынша жеке-жеке аталымдар.

Ақтөбелік Бекзат Тасболатов Құранның 20 парасын, яғни 20 бөлігін жатқа оқудан  ІІІ орынды жеңіп алып, дипломмен қоса, 1 миллион теңге көлемінде қаржылай сыйлыққа ие болды.

 Айна САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button