Жаңалықтар

Тұрақты оқырмандар марапатталды

Баспасөз-2021

Сейсенбі күні баспасөзге жазылу науқаны аясында облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің бас редакторлары хромтаулық оқырмандармен кездесті.

Кездесу барысында «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің бас редакторлары Бауыржан Өтеулиев пен Айгүл Нұркеева биылғы пандемияға қарамастан, облыстық қос басылым өз оқырмандарына үздіксіз өңірдің жаңалықтарын жеткізіп отырғандығын айтып, қос газеттің ұзақ жылдар бойы тұрақты оқырмандары болып келе жатқан хромтаулықтарға ризашылықтарын білдірді.

Бұдан кейін қос газеттің бас редакторлары ауданда ұзақ жыл БАҚ саласында қызмет жасаған ардагер журналист Анатолий Козачокке Қазақстан Журналистер одағы және «Ақтөбе Медиа» ЖШС атынан Алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады. Сондай-ақ көп жылдан бері қос басылымның тұрақты оқырмандары болып келе жатқан Ақжар ауылдық округінің әкімі Қайрат Ташеновті, Дөң ауылдық округінің әкімі Ербол Аққұловты, аудандық білім бөлімінің басшысы Эльмұрат Болатов пен аудандық аурухана басшысы Людмила Волненконы «Ақтөбе Медиа» ЖШС атынан Алғыс хаттармен марапаттады.

Кездесу соңында аудан әкімі Нағымжан Алдияров ауданға арнайы келген редакторларға алғысын айтып, облыстық қос газеттің ұжымына шығармашылық табыс тіледі.

 Д.ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Back to top button