Жаңалықтар

Аудандық мешіт жөнделіп жатыр

Шапағат

Бүгінгі күні Ырғыз ауылындағы орталық мешіттің ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Тамыз айының аяғында басталған жөндеу жұмыстары жақын күндері аяқталмақ.

Аудандық мешіттің имамы Әділбек Тұяқбаевтың айтуынша, бүгінге дейін демеушілер мен аудан тұрғындарының қолдауымен жөндеу жұмыстарына 2,5 млн теңгеге жуық қаржы жиналған. Аталған қаржыға мешіттің шатыры мен күмбезі қайта қалыпқа келтіріліп, жылы еден салынып, ішкі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылысқа аудандағы белсенді азаматтар мен жұмысшылар жұмылдырылып жатыр.

— Биыл шектеу шараларына байланысты мешіт жұмыс жасаған жоқ. Дегенмен карантин аяқталған соң бірқатар тұрғындар келіп, жақындарына Құран бағыштап, садақа берді. Қазір мұнда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта мешітіміз келушілерге бұрынғыдан да жайлы, жылы болмақ. Мешітті жөндеу жұмыстарына демеушілік көрсеткен, қол ұшын берген азаматтарға ризашылығымызды білдіреміз. Ниет еткен барлық жандарға Алланың нұры жаусын! — дейді аудандық мешіт имамы.

Данагүл ҚАЗИХАН,

Ырғыз ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button