Жаңалықтар

Батыр ана кәсіп ашпақ

Грант

Он баланы дүниеге әкеліп, оларға тәлім-тәрбие берген қандыағаштық көпбалалы батыр ана Ләззат Бұлтанова жұмыспен қамту орталығы ұсынған шараға белсенді қатысып, 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде грант ұтып алды.

Қазіргі таңда көпбалалы ана 11-ші сәбиін күтіп отыр. Ол ай сайын атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақысын және айына балаларға арналған азық-түлік, ал тоқсан сайын гигиеналық заттар топтамасын алып отыр. Мектепте оқитын балалары тегін ыстық тамақпен қамтылған. Бүгінде жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, кәсібін өркендету мақсатында қайтарымсыз 500 000 теңге көлемінде грантқа ие болды. Ол бұл қаржыға мал сатып алып, шаруашылығын дамытпақ.

 Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ,

Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button