Жаңалықтар

Стоматология кабинеті ашылды

Қобданың орталығында стоматология кабинеті ашылды.  «Kobdastom» тіс емханасының орналасқан орны да халыққа қолайлы. Әбілқайыр хан көшесінің дәл ортасында.

Аманғос Қоңырбаев кәсібін өз жеке қаражаты есебінен бастады. Өскен өлкесінің көсегесін көгертуге келген ол Қобда ауданының Бегалы ауылының тумасы.

М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетін тәмамдаған стоматолог-ортопед бұған дейін Ақтөбе қаласында бірер жыл тәжірибе жинақтаған. Кейін туған жерге оралып, сұраныс бойынша стоматология кабинетін ашуды жоспарлаған. Тіс емханасында қазіргі таңда 6 адам қызмет етуде. Аманғос Жолжанұлымен бірге тағы екі дәрігер, есепші, медбике және кіші қызметкер жұмыс жасайды.

Ардақ ЕСПУСИНОВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button