Жаңалықтар

3 балаға планшет алып берді

Шапағат

Аудандық орталық мешіт қашан да игілікті істердің ордасы. Карантин кезінде де жамағатты біріктіріп, көмекке зәру жандарға қол ұшын берді.

Ауданда індетке байланысты қашықтан оқитын мектептер бар. Ол үшін оқушының басты құралы — интернет желісімен қатар балаларға компьютер немесе планшет, смартфондар қажет.

Балаларының білім алуы үшін мұндай қымбат құралдармен қамтамасыз ету  аз қамтылған, көпбалалы отбасылар үшін қиын. Олар қашанда әлеуметтік қолдауды қажет етеді. Осы орайда қазіргі жағдайда қашықтан оқытуға байланысты аудандық мешіт атынан үш балаға планшет тарту етілді.

— «Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады» деген сөз бар дана халқымызда. Қауіп-қатер айтып келмейді. Сондықтан қазіргі жағдайда біз қашан да  — бірігіп, сақтанып, сабырлы болуымыз керек. Қиналғанға көмектесу мұсылмандық парызымыз. Біз планшетті мешіт жамағаты мен демеушілерден түскен қаржы есебінен тарту еттік. Балалар да біраз қуанып қалды, — дейді аудандық мешіттің бас имамы Нұрсұлтан Серікұлы.

 Муса ӘДІЛБАЙҰЛЫ,

Ойыл селосы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button