Жаңалықтар

Құрметті Ақтөбе облысының кәсіпкерлері!

БАСПАСӨЗ ШОЛУ

«БІРІҢҒАЙ ЕСЕП БЕРУ КҮНІ» а.ж. 24 қыркүйегі

Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы 2020 жылдың 24 қыркүйегінде сағат 10:00-де бақылау және қадағалау органдарының, жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен «Бірыңғай есеп беру күні» бейнебайланыс арқылы өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

Бірыңғай есеп беру күні ZOOM платформасы арқылы бейнеконференция форматында өткізу жоспарланып отыр, оның мақсаты кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, бақылау-қадағалау қызметінің реформасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша заңнаманың міндетті талаптарын бұзудың жүйелі алдын алуды дамыту болып табылады.

Бейнеконференция шеңберінде сізде бақылау-қадағалау органының қызықтырған сұрақтарын қоюға және нақты жауап алуға мүмкіндік бар.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, осы іс-шараға қатысуға ниет білдіргендердің кәсіпкерлерді а.ж. 20 қыркүйегіне дейін msb522@mail.ru электрондық мекен-жайы немесе 742-180 (ішкі:112,113) нөмірі бойынша тіркеуден өтуіңізді сұраймыз.

Ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде Facebook (facebook.com/upakt), Instagram (kasipker_aktobe) әлеуметтік желілерінде және кәсіпкерлік басқармасының ресми сайтында (http://kasipkerlik.aktobe.gov.kz) жиынға қосылу сілтемесі жарияланатын болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button