Жаңалықтар

Қалалық мешіттерде терминал орнатылды

Ақтөбе қалалық орталық мешітінде жақсы жаңалық орын алды. Садақа бергісі келетін адамдарға ыңғайлы болуы үшін мұнда терминал орнатылды.

Мұқтаж жанға қол созып,  көмек көрсету — халқымыздың қанында бар қасиет.  Ал мешіттердегі терминалдар садақа беретін адамдар үшін тиімді. Ақтөбе облысының бас имамы Төлеби Оспан осы орайда:

«Қазіргідей электронды технология өркендеп, дамыған кезеңде көптеген сала электронды жүйеге көшуде. Дін саласы да осындай үдерістен қалыс қалмай, садақа беруді оңтайландыруға біртіндеп көшіп жатыр. Жоғары технологияның көмегіне жүгініп, мешіттерде терминалдардың орнатылуы – уақыт талабы екені сөзсіз. Сондықтан біз де өңірдегі мешіттерде осындай терминалдарды орнатуды қолға алдық. Айталық, бұдан бұрынырақ облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде терминал қойылған болатын. Ал бүгін қалалық орталық мешітпен қатар, «Досжан хазірет» және «Бақытжан» мешіттерінде де осындай игілікті қадам жасалып отыр», — деді.

Сондай-ақ алдағы уақытта аудандық мешіттерде де садақа беруді электронды жүйеге көшіру көзделіп отыр.

 Ақтөбе қалалық орталық мешітінің баспасөз қызметі. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button