Жаңалықтар

8 қап құрт тәркіленді

Қылмыс

Шалқар ауданының төрт тұрғыны құрттың сирек түрлерін жинағаны үшін ұсталды.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, заң бұзған Шалқар ауданының төрт тұрғыны  «Құланды» шекара бекетінде ұсталған. Олар Шалқар ауданы аумағында сирек кездесетін артемия құрттарын жинаумен айналысқан. Олардан сегіз қап құрт тәркіленді. Қазіргі күні тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция департаменті азаматтарды табиғатты қорғауға және заңнаманы бұзбауға, сирек кездесетін қоршаған орта объектілеріне ұқыпты қарауға шақырады.

К.ҚОПАЕВА.

ПӘТЕРІҢІЗ ҚАУІПСІЗ БЕ?

7-10 қыркүйек аралығында облыста «Пәтер қауіпсіздігі»  жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Біреудің мүлкін ұрлаудың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданған шаралардың тиімділігін арттыру, қылмыстың осы түрінің деңгейін төмендету мақсатында өткізілген шара аясында  учаскелік полиция инспекторлары 2,5 мыңнан астам түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ орталықтандырылған күзет пультіне қосылған күзет қызметін көрсету туралы 28 шарт жасалды, 450-ден астам пәтер қорғауға алынды. Бүгінгі күні орталықтандырылған бақылау пультінің дабылдарына қызмет көрсетуді 18 жылжымалы экипаждың 14 жеке күзет ұйымы жүргізеді.

Полиция департаменті  жекеменшік пәтер иелерінің тұтыну кооперативінің өкілдері мен тұрғындарға үйлер мен жатақханалардың кіреберістерін домофондары бар металл есіктермен нығайту қажеттілігін ескертеді.

Ғазиза КӘРІБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button