Жаңалықтар

Қауіпсіздік ережелеріне бағынбау фактілері көп

Бақылау

Облыс аумағында мобильді топтар мен жергілікті полиция қызметкерлері Ақтөбе облысы бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қабылдаған қаулылардың орындалуына бақылау жүргізуде.

Анықталған бұзушылықтар бойынша түскен құжаттар негізінде ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексінің 425-бабының 1-тармағына сәйкес,  436 хаттама толтырылып, 48 628 890 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Жалпы құқықбұзушылық фактілерінің 21,1 пайызы — кәсіпкерлердің жұмыс уақытын бұзу фактілері, 16,7 пайызы — бетперде кию тәртібін бұзу, ал әлеуметтік дистанцияны сақтамау — 25,7 пайыз, дене қызуын өлшемей қызметкерлерді жұмысқа жіберу — 5,5 пайыз, жұмыс істеуге рұқсаты жоқ нысандардың жұмыс істеуі — 2,4 пайыз.

Облыс тұрғындары арасында қаулымен санаспау, қауіпсіздік ережелеріне бағынбау фактілері де кездесіп отыр. Олар той, қыз ұзату секілді шараларды әлі де болса жалғастыруда.

Сондықтан Ақтөбе облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті облыс тұрғындарын коронавирус инфекциясының алдын алу үшін мерекелік шараларды, той, отбасылық шараларын тоқтата тұру керектігін, бетперде тағу, қолды жиі жуу, антисептиктерді пайдалану және әлеуметтік дистанцияны сақтау талаптарын орындауға шақырады.

Кәсіпкерлік субъектілеріне коронавирус  инфекциясының алдын алу мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың қатаң орындалуын қадағалау керектігін ескертеміз.

Ақтөбе облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button