Жаңалықтар

Хромтау ауданына «Адалдық алаңы» Республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Төлеген БАЙҒҰЛОВ келді

10 тамыз күні Ақтөбе облысы Хромтау ауданына Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жанынан құрылған Республикалық «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Төлеген Байғұлов арнайы жұмыс сапарымен келіп, «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жанболат Тұртаев, Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің жемқорлықты алдын алу және парасаттылық басқармасының басшысы Дархан Мусюровпен бірге бірқатар нысандарды аралап, кешенді мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Алдымен аудандық аурухана жұмысымен танысқан Төлеген Байғұлов эпидемиологиялық ахуалға байланысты аудандық ауруханаға шет елдерден жеткізілген гуманитарлық көмек – медициналық жеке қорғаныс құралдарының бар-жоғын тексеріп, дәрі-дәрмек қоймасын қарады.

Сондай-ақ, емхана келушілерімен ашық тілдесіп, арыз-шағымдарының жоқ екендігін білді.

Сонымен қатар, бұл бағытта жүйелі шаралар атқарып отырған Хромтау тау-кен жоғары колледжіндегі «Саналы ұрпақ» , «Адалдық алаңы», «Адалдық дүкені» жұмыстарын көрді.

Іс-сапар барысында аудан әкімі Нағымжан Алдияров республикалық кеңсе жетекшісін аудан әкімдігіндегі сыбайлас жемқорлықты болдырмауға бағытталған «Aǵtóbe-adaldyǵ alańy jobalyǵ keńsesiнің», «Ашық әкімдіктің» және өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының жұмыстарымен таныстырды.

Азаматтарға мемлекеттік көрсетілетін қызмет шарттарымен танысқан Төлеген Байғұлов қызметкерлермен және мемлекеттік қызмет алғалы келген тұрғындармен тілдесті.

Сонымен қатар, Ақжар ауылына арнайы ат басын бұрып, ауыл әкімдігіндегі «Адалдық алаңы», өз-өзіне қызмет көрсету бұрышының жұмыстарын көріп, тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында жұмыстану қажеттігін тілге тиек етіп, әкімдікке қабылдауға келген тұрғындардың өтініш-тілектеріне құлақ түрді.

Республикалық адалдық алаңы басшысының Ақтөбе облысындағы іс – сапары жалғасуда.

Зульфия НАБИУЛИНА

Басқа жаңалықтар

Back to top button