Жаңалықтар

Қызыл Ай көмек көрсетті

ҚР Қызыл Ай қоғамы облыстық филиалының өкілдері Ақтөбе облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» филиалына CОVID-19 вирусын анықтайтын тестілеу реагенттері мен тест жүргізу үшін қолданылатын зонд-тампондарын табыстап, көмек көрсетті.

  • Қазақстан Республикасының Қызыл Ай қоғамы халықаралық «Coca-Cola» қорының қаржылай қолдауымен медициналық құралдар сатып алды. Оның ішінде Ақтөбе қаласына 15 тестілеу реагенті мен 7 мың адамға зонд-тампондар жеткізілді. Біз бүгін облыстық «Ұлттық сараптама орталығы» филиалына тапсырып отырмыз, — дейді Қызыл Ай қоғамы облыстық филиалының директоры Нұрлан Үдербай.

Қызыл Ай қоғамы — мемлекетке қосымша гуманитарлық көмекті ұйымдастырушы үкіметтік емес ұйым. Елімізде төтенше жағдай жарияланғалы көптеген гуманитарлық көмек көрсету акциялары өткізілді.

Мәселен, Қызыл Ай қоғамының облыстық филиалы 5 гуманитарлық транш ұйымдастырды. Қаламыздағы 57 мұқтаж отбасына азық-түлік пакеттерін, шаруашылық тауарларын және гигиеналық құралдар таратты. Сондай-ақ бүгінде Қызыл Ай қоғамы «CОVID-19» жобасын іске асыруда. Қазіргі таңда осы жоба аясында індеттің алдын алу мақсатында дайындықтан өткен еріктілер Ақтөбе қаласында және аудан орталықтарында ақпараттандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

 — Жуырда Байғанин ауданында оқыту-ақпараттандыру жұмыстарын өткізіп қайттық. Жобаның мақсаты — халықты қауіпті індет туралы ақпараттандырып, оны жұқтырмау жолдары туралы мәлімет тарату.

Ақтөбе облысында төтенше жағдай жарияланғаннан бері облыстық филиал 384 мұқтаж отбасына 3 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті және 2 жарым миллион теңгеге медициналық құралдар сатып алып, медициналық мекемелерге тапсырды, — дейді Нұрлан Үдербай.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button