Жаңалықтар

Облыс әкімі провизорлық орталықтарға барды

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин коронавирус инфекциясын жұқтырғандар мен өкпе қабынуымен ауырғандарды емдеу үшін қосымша орындар ашылып жатқан медициналық мекемелердің жұмыстарымен танысты.

Өңір басшысының тапсырмасымен №2 провизорлық стационарда100 кереуетке арналған бөлім ашылған болатын. Оның 80 орны емделушілерге арналған, жиырмасы —  реанимациялық орындар.Стационарда мықты кадрлық құрам жұмыс істейтін болады, қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. 20 жасанды тыныс алу аппаратымен, экстракорпоралды мембраналық оксигенация аппараттары бар. Дәрілік препараттар, медициналық бұйымдар жеткілікті. Бөлім өз жұмысын осы аптаның аяғында бастайды.

№2 провизорлық стационардың жұмысымен танысқан соң өңір басшысы 150 орынға арналған мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемесіне барды.  Қазірмұнда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

О.Оразалин облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржауған Қалауовқа барлық жұмысты сапалы әрі уақытында аяқтап, бүкіл қажетті жағдайды жасауды және стационарды 20 тамызда ашуды тапсырды. Медициналық мекемеде жеңіл және орта дәрежедегі науқастар емделетін болады.

Сондай-ақ Оңдасын Оразалин облыстық клиникалық инфекциялық ауруханасының қосымша корпусында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын қарап шықты.

Мұнда қауіпті инфекция жұқтырған науқастарды емдеуге арналған 25 орындық қосымша бөлім ашылмақ. Қазіргі таңда жұмыс қарқынды жүргізіліп жатыр. Облыс әкімінің тапсырмасына сай бұл бөлім 25шілдеге дейін ашылуы қажет.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button