Жаңалықтар

Call-орталыққа бір тәулікте 700-ден астам өтініш түсті

 М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті базасында 5 шілдеде телемедицина мүмкіндігі бар мамандандырылған сall-орталық іске қосылды.

24/7 режимінде медициналық университеттің жоғары білікті дәрігерлері мен профессорлық-оқытушылық құрам, яғни эпидемиологтар, педиатрлар, терапевтер, хирургтар, кардиологтар ақтөбеліктерге коронавирус және пневмонияны емдеу, аурудың алдын алу мәселелері бойынша телефон арқылы кеңес береді. Сондай-ақ олар WhatsApp мессенджері бойынша бейнеқоңырау арқылы тағайындауды жүргізеді.

Бір тәулік ішінде 500-ден астам адамға телефон арқылы кеңес берілді. Сонымен қатар тағы 200 ақтөбелікке қажетті ұсыныстар айтылып, тағайындау жасалды.

 Байланыс телефондары:

8-771-068-49-44 (тәулік бойы);
8-771-068-73-87 (тәулік бойы);
8-771-068-49-45 (тәулік бойы);
8-771-068-73-51 (9.00-21.00);
8-771-068-73-53 (9.00-21.00);
8-771-068-74-24 (9.00-21.00);
8-771-068-73-85 (9.00-21.00).

Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Back to top button