Жаңалықтар

«Халық» қоры мың отбасыға азық-түлік таратты

Біз біргеміз!

«Біз біргеміз» республикалық акциясына «Халық» қайырымдылық қоры да атсалысты. Банктің 12-шағын ауданда орналасқан ғимараты алдында өткен шараға Nur Otanпартиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Данағұлов, облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова, Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиева, «Қазақстан Халық банкі» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының директоры Вадим Кабловжәне еріктілер қатысты.

«Елбасы тапсырмасына сәйкес төтенше жағдайға байланысты құрылған «Birgemiz» қорынан белгілі бір санатқа жатқызылатын 19 мыңға жуық ақтөбеліктің әрқайсысына 50 мың теңгеден, барлығы миллиард теңгеге жуық қаражат берілді. «Біз біргеміз» акциясы аясында ірі меценаттар мен әртүрлі салада жүрген қайырымды азаматтар кәсіптерінен үйлестіріп, аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға бірінші қажеттіліктегі азық-түлік қоржынын таратып жатыр. Сондай-ақ Nur Otan партиясының облыстық филиалы 3500-ге жуық отбасыға 76 миллион теңгенің көмегін көрсетті. Бүгін «Біз біргеміз» акциясы аясында «Халық» қоры шара өткізіп жатыр. Төтенше жағдай аяқталса да, халықтың әлжуаз тобына көмектесу жалғасын табады. Nur Otan партиясы қай кезде де халықпен бірге, «Біз біргеміз!» ұранын қай уақытта да ұстанады», — деді алғысөз айтқан Ербол Данағұлов.

— Еліміздегі төтенше жағдай әсіресе әлеуметтік әлжуаз топтардың жағдайына қатты әсер етті. Осыны дер кезінде ескерген мемлекет те халықтың біраз бөлігіне көмек қолын созды. Біз де «Халық» қайырымдылық қорының атынан аз қамтылған мың отбасыға азық-түлік қоржынын таратуды жөн көрдік. Шараны ұйымдастырарда аз қамтылған отбасылардың тізімін облыстық әкімдіктен алдық, таратуға еріктілер тобы көмектесіп жатыр. Осындай қиын жағдайда бәріміз бірге болғанда ғана оң нәтижеге қол жеткізе аламыз, — дейді «Қазақстан Халық банкі» акционерлік қоғамының Ақтөбе облыстық филиалының директоры Вадим Каблов.

 Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button